Шымкентте бюджет қаражатын мақсатсыз игерудің алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр, - деп жазды KAZINFORM.Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.Шымкент қаласында жедел медициналық көмекті жаңғыртуға 2019 жылы жергілікті бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінген болатын.Аяқталған сотқа дейінгі іс жүргізу аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының құны асыра бағаланғаны анықталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұсынымы бойынша әкімдіктің бейінді басқармасы сотқа тиісті талап қоюға бастамашылық жасап, биылғы жылдың 14 наурызында жобаның құнын 2,1 млрд теңгеге төмендетті. «Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр» деп жазды Facebook парақшасында Дәурен Ерғарин.