Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды

Шымкентте қала әкімінің экс-орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот үкімі шықты. Істі қараған қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы шенеунікке 8 жыл 5 ай 7 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол өткен жылдың шілде айында қамауға алынды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне істі қысқарту үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара беруге оқталды деген айыппен сотқа тартылған болатын. Экс-орынбасар үкімді онлайн тыңдады. Ол денсаулығына байланысты емдеу мекемесінде. Сотта Исаховтың өзі пара беруге оқталуды соңына дейін мойындамаған. Судья Әбинұр Қарабаев сотталушының кінәсі куәлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және жасырын тергеу әрекеттер нәтижелерімен дәлелденді деді. Әбинұр ҚАРАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Жасырын тергеу әрекеттерінде Исахов өзі Сарбасовқа ұсыныс жасап жатыр : «Мына істі қысқартыңыз немесе Сыбайлас жемқорлық басқармасына жіберіңіз» деп өтініш жасаған. Сол кезде Риксоста отырып қағазға жазған 200 мың... Ақшаны інісі арқылы беріп жіберген. Пакет. Інісі білді ма, білмеді ма ол жерде ақшасы барын...Інісі өзінің досына береді, досы апарып береді магазинге, магазиншіге береді. Сол кезде видеоға түсірген. Сот үкіміне сәйкес, Исахов өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды. Мемлекеттік наградалары қайтарылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жылда қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды
Оралда полиция баланы өлімнен құтқарды
«AMANAT» партиясының мүшелері Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқандардың рухына тағзым етті
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады