Шымкент қаласы әкімінің «Жыл көшбасшылары - 2023» премиясы табысталды

Шымкентте «Жыл көшбасшылары – 2023» премиясының иегерлері анықталды. Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара тәуелсіздік күніне орайластырылған. Сонымен жыл үздіктері кімдер? Өңірдегі тілшіміз Айзада Төребекқызы айтады. «Жыл көшбасшылары - 2023» байқауы 13 жылдан бері дәстүрлі түрде өтеді. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – қалада мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, қоғамның түрлі салаларындағы жастарға қолдау көрсету. Сонымен қоса олардың жетістіктерін насихаттау, жастардың рухын көтеріп, ынталандыру болып табылады. Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ: Еліміздің экономикасын дамытуға, келешек Сіздердің қолдарыңызда. Біздің Президентіміз әрқашанда айтады, білесіздер, «Әділетті Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деп. Байқауға түрлі сала мен мектептен 14 пен 35 аралығындағы жастар қатысты. Биыл 176 өтініш түскен. Комиссия соның ішінен 20-сын таңдап, «өз саласының үздігі» деп таныды. Жыл көшбасшыларына қала әкімінің атынан диплом, арнайы статуэтка және қаржылай сыйақы табыс етілді. Марлен СЕЙІЛБЕК, «БЕЙБІТ ӨМІР БАТЫРЫ» ПРЕМИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ: Алдағы уақытта біз бұл жауапкершілікті бұдан арттыра беремін деген ойдамын. Және осы біздің жұмысымыз міндетіміз - елді қорғау. Елдің тыныштығын аман алып қалып жүру. Ернар САДУАҚАСОВ, «ҮЗДІК ЖАС ОТБАСЫ» ПРЕМИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ: Менің жетістіктерім көп. Отбасылық жеңіс – ең үлкені. Сезімімді жеткізіп айта алмаймын. Өйткені бұл отбасылық жеңіс болғаннан кейін ең үлкен жетістігімнің бірі осы жеңіс деп ойлаймын. Салтанатты шара соңы ән-шашуға ұласты. «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің орындауында финалдық «Бір үйдің баласындай» әнімен қорытындыланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды