Шымкент қаласы тұрғындарының қоқысқа қарызы 314 млн теңгеге жетті

Шымкент қаласы тұрғындарының қоқысқа қарызы 314 млн теңгеге жетті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.Қала тазалығына ең көп берешегі бар аудандардың көшін Қаратаулықтар бастап отыр. Мұнда жалпы тұрғындар 101 млн. теңге төлеуі қажет. Ал, Еңбекші ауданы тұрғындарының 90,5 миллион теңге берешектері бар болса, Абай ауданы тұрғындарының қарызы 49,5 миллион теңгеге жеткен. Әл-Фараби ауданы тұрғындары 34 миллион, Тұран ауданы тұрғындарының қоқыс тазалау қызметіне қарызы 39,4 миллион теңге болған. «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарды тазалау, күтіп ұстау, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ал, тұрғындар тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметіне төлеуге міндеттелген. Алайда, бүгінде көптеген тұрғындар тіпті тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы компаниялармен келісімшарт жасамаған. Соған қарамастан бұл азаматтар да тұрмыстық қалдықтарын арнайы орындар мен қоқыс контейнерлеріне күнделікті тастап келеді. Қызмет ақысын уақтылы төлемеуі мен мердігер компаниялармен келісімшарт жасамай, төлемақыдан жалтаруы қаланың тазалығын сақтауға кері әсерін тигізетіні сөзсіз» - делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы