Ал Шымкентте жауған жаңбыр айналаны көл қылды. 15 аула мен он көше суға толды.Қазгидромет мамандарының мәліметінше, кеше және бүгін түнде аймақта бір айлық мөлшердегі жаңбыр жауған. Қала бойынша мамандар 12 мекенжай бойынша су тарту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, құм салынған қаптармен бекемдеу, суды сыртқа ағызу секілді жұмыстар атқарылды. Бұған 21 техника, 25 мотопомпа және 77 жеке құрам жұмылдырылды. Асқар ШӘРІП, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Қазіргі мәліметке сәйкес жалпы қала аумағынан 3467 текше метр су шығарылды.Каналдар мен өзендердің бойларын бекіту мақсатында құм салынған қапшықтар орнату жұмыстары және де қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қала аумағында жағдай тұрақты.