Шымкент мұнай өңдеу зауыты дизель отынының негізгі бөлігін оңтүстік өңірлерге жібереді

Шымкент мұнай өңдеу зауыты демалыс күндері ішкі нарыққа 1500 тоннадан астам дизель отынын жөнелтті. «Қазір «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» серіктестігі тәулігіне 17,7 мың тонна мұнай өңдеп жатыр. Зауыттағылар бүгін 100 пайыз қуатына қосылды. Өндіру мен паспорттау деңгейіне қарай 1600 тоннадан астам дизель отыны мен 220 тонна сұйытылған газды жөнелтуге дайындалып жатыр. Алдағы бірнеше күнде мұнай өнімдерін жөнелту деңгейі тәулігіне бензин – 6200 тоннаға, дизель отыны – 5600 тоннаға, авиаотын – 1150 тоннаға және сұйытылған газ – 820 тоннаға дейін ұлғайтылады», - деді «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС техникалық директоры Бақыт Ерегенов.Бақыт ЕРЕГЕНОВ, «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ОЙЛ ПРОДАКТС» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Айдың аяғына дейін бізде бекітілген жоспар бойынша 366 мың тонна мұнай өңдеуіміз керек. Одан шығатын өнімдер бензин 110 мың тонна шығу керек, дизель отыны 115 мың тонна. Авиаотын 19 мың тонна. Және сұйылтылған газ 15 мың тонна шығу керек осы айдың аяғына дейін. Мұнай өнімдерінің негізгі бөлігі оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларға бағытталатын болады деді зауыттағылар. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сәуір айында Шымкент зауытынан 34,8 мың тонна дизель отынын жөнелтуге басымдық берілмек. Еске салайық, Шымкент мұнай өңдеу зауытында 15 наурыз бен 7 сәуір аралығында жоспарлы-алдын алу жөндеу жүргізілді. Зауыттағылар жөндеу жұмыстары өз уақытында аяқталғанын мәлімдеді. Тіпті жөндеу кезінде жинақталған қордан вагон-цистерналар арқылы өнімді үздіксіз жіберіп отырды. Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент мұнай өңдеу зауыты рекордтық 6,2 млн тонна мұнай өңдеді. Бұған дейін ел басшылығы зауыттың өндірістік қуатын арттыру және мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды