Шымкент полицейлері есірткі зертханасын жойды

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында арнайы іс-шараларды өткізу кезінде қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Toyota Саmrу автокөлігін ұстады. Тексеру барысында көліктің салонынан жалпы салмағы 150 граммнан асатын есірткі табылып, тәркіленді. Әрі қарай, ұсталған адамның пәтерін тексеру кезінде жедел уәкілдер электронды таразыларды, синтетикалық есірткі жасауға арналған психотроптық және өсімдік заттары салынған пакеттерді, химиялық заттармен жұмыс істеуге арналған респиратор маскасын, есірткі құралдарын араластыруға арналған контейнерлерді және қысымға арналған жабдықты тапты.Сонымен қатар есірткіні орауға қажетті: полиэтиленді пакеттер, изоленталар, ылғал өткізбейтін құрылғылар мен магниттер табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының салмағы шамамен 800 граммды құрады, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Белгілі болғандай, күдікті тамыз айында интернет арқылы есірткіні ораушы және өндіруші болып жұмысқа орналасқан. Содан кейін ол элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер жалдап, сол жерде мессенджер арқылы алынған нұсқауларды орындай отырып, сату мақсатында күшті есірткілік әсері бар "спайс" қоспасын дайындаған. Қазіргі таңда ер адам тергеу изоляторында қамауда. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 600 млн теңге қарыз береді
«Астана» - «Челси» кездесуінің қандай есеппен аяқталатыны айтылды
Жаңа жылдан кейін бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Көкшетауда трамадолға тәуелді нашақорға үкім шықты
«Аурухана арасында бес сағат жүрдім»: Атырауда 10 айлық бала қайтыс болды
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Түркістан облысында көпке үлгі болған Нышанғали Рахман
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған роликтер LED-экрандарда көрсетіле бастады