ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07 кезінде жер сілкінісін тіркеді.Ведомство мәліметінше, жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. «Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1. MPV магнитудасы - 6,5. Эпицентр координаттары - 39.27° солтүстікке қарай - 69.80°. Тереңдігі - 25 шақырым», - деп жазды стансаның кезекші диспетчері. МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Қазақстанның Шымкент, Тараз қалаларында, Түркістан облысында 2-3 балл шамасында сезілген. Сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмостанциялары бүгін сағат 07.53-те тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 710 км жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты. Энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.