Шымкент тұрғындары арзан бағада алтын аламыз деп алаяққа алданып қалды

Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны өзінің Instagram желісіндегі парақшасында шетелден арзан бағадағы алтын алып келемін деген желеумен тұтынушыларды қызықтырған, деп жазды zakon.kz.Сонымен қатар ол зергерлік бұйымдардың фотосуреттерін және олардың астындағы жалған оң пікірлерді күнделікті жариялау арқылы азаматтардың сеніміне кірген. Шымкент полициясына осыған ұқсас шағыммен интернет-алаяқтың құрбаны болған үш жергілікті тұрғын арызданды. Зардап шеккендердің айтуынша, алаяқ басқа елден алтын бұйымдардың бір грамын 15 мың теңгеден алып келуге уәде берген. Әйелдердің әрқайсысы бірнеше қымбат зергерлік бұйымдарға тапсырыс беріп, алдын ала төлем жасаған. Біраз уақыттан кейін олар хат алмасып отырған адам олардың байланыс нөмірлерін бұғаттап тастағанын анықтады. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн теңгеден асты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жәбірленушілер берген ақпаратты зерттеп, олардың ақша аударымдарын тексерді. Қабылданған шұғыл шаралардың нәтижесінде күдікті Түркістан облысының аумағында ұсталды. "Аталған жайт бойынша қазіргі уақытта Абай аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты сотпен ешқайда кетпеу туралы шара қолданылды, – деді тергеуші Мардан Шәріпбаев." Сондай-ақ полиция қызметкері ер адамның алаяқтық әрекетінен зардап шегушілер санының артуы мүмкін екенін айтып, азаматтарды тексерілмеген немесе күмәнді интернет-сатушыларға сенбеуге және тек сенімді интернет-дүкендерде сауда жасауға шақырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді