Шымкентте 20 қазаннан бастап жылу беріле бастайды.Жалпы кестеге сәйкес Шымкент қаласына жылу қазан айының 25-іне қосылуы керек болатын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қаулысымен көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға қазанның 20-сынан бастап жылу берілетін болды. Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір қаладағы 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциялары жылу беру маусымына дайын. «Ауа температурасының төмендеп, күннің салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан әкімдікке көптеген өтініш келіп түсті. Осыны ескерген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды», - делінген әкімдік тарапынан таратылған ақпаратта.