Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы балаға 19 рет ота жасады. Қазіргі таңда оның жағдайы жақсарып келеді. 6 айға жуық уақыттан бері ауруханада жатқан бала темір жолда ойнап жүріп, электр сымдарына оңбай күйіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.Оқыс жағдай 2022 жылдың 9 қараша күні қаладағы темір жол маңында болған. Сол күні аураханаға ауыр халде жеткізілген науқасқа дәрігерлер бүгінге дейін 13 тері алмастыру және 6 некрэктомия отасын жасаған. Оқушының денесін толықтай күйік шалып, 3 айға жуық жансақтау бөлімінде жатып, палатаға ауыстырылған."Науқас қалалық клиникалық балалар ауруханасына аса ауыр халде түскен. Денесінің 65 пайызын күйік шалған. Алған жарақатына байланысты ем алу барысында жағдайы жақсарумен 12 этапты және 3 этапты ота жасалды",- деді Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері Нұрпейіс Шырынбекұлы.Зардап шекен бала қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.