Шымкентте 200 мың теңге пара алған экс-шенеунікке 6 миллион теңге айыппұл салынды

Шымкентте сот еңбек ұтқырлығы орталығында сыбайлас жемқорлықпен ұсталған төрт бірдей сотталушыға үкім шығарды. Сотталушылардың бірі муниципалды мемлекеттік мекеменің басшысы болса, қалған үшеуі – оның қарамағындағы қызметкер. Төртеуі де екі бап бойынша айыпталды. Бұл туралы  Otyrar.kz хабарлайды.Қаңтар айында желіде тараған видео көпшіліктің талқысына түсті. Бейнежазбадан делдал мен таңбаланған ақшалар жатқан көліктің жүк салғышын көруге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 200 мың теңге ақша Шымкент қалалық еңбек ұтқырлығы орталығының басшысына арналған екен. Жоғары лауазымда отырған шенеунік жұмыс орнында ұсталып, пара алды деген күдікке ілінді. Бірнеше айға созылған тергеу мен соттан кейін сот мемлекеттік қызметкерге үкім шығарды. Сотталушы үкімге сәйкес бірден екі бап бойынша кінәлі деп танылды. “Сотталушылардың кінәлі екені жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және сараптама қорытындысымен дәлелденді. Ал сотталушы Ә есімді азаматтың басқа күдіктілердің берген жауаптарына сәйкес кінәлі екені анықталды. Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының қарауында балалардың барын, іс бойынша ауырлататын мән-жайлардың анықталмағанын, сондай-ақ жәбірленуші өкілінің пікірін ескерді. Сотталушыға 16 млн 233 мың теңге айыппұл салынды”, – деді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева. Қалған үш сотталушыға алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі мөлшерде иемденіп, пара берді деген айып тағылды. Сот сотталған орталықтың басшысы муниципалды мемлекеттік органның басшысы бола тұра, 2023 жылдың наурызы мен сол жылдың қазан айы аралығында өтеусіз гранттар бойынша 37 электронды келісімге қол қойғанын анықтады. Мемлекетке келтірілген шығын 45 миллион теңгеге бағаланып отыр.“Сотталушы мен комиссия мүшелері 2024 жылдың 11 қаңтарында еңбек ұтқырлығы орталығы басшысының нұсқауымен Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының басшысы арқылы жалпы сомасы 200 000 теңге пара берген. Оның 125 000 теңгесі С-ға, 25 000 теңгесі У-ға, 50 000 теңгесі О-ға тиесілі. Осылайша жұмыс күшін жұмылдыру орталығының басшысы бірнеше рет пара алған. "Пара беру" бабы бойынша О есімді азаматқа 750 000 теңге, С-ға 1 875 000 теңге, айыппұл салынды. У-ға 375 000 теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада. Айыпталушылар өз кінәсін мойындады. Олардың бірінші сатыдағы сот шешіміне наразылық білдіретіні не білдірмейтіні белгісіз. Бірақ еңбек ұтқырлығы орталығының сотталған бұрынғы басшысы ақтау үкімін сұрап, сот шешімін аппеляцияға беруді жоспарлап отыр. Бұған дейін "Астана-Зеленстрой" ЖШС бұрынғы бас директоры қамауға алынған еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«МҰЗ-2024»: Шымкентте 15 қауіпсіздік белгісі орнатылды
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
«Жеңіс құтты болсын, казак!»: бокста алғаш рет жасанды интеллект төрешілік етті
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады