Ер адамды пәтерінен анасы тапқан. Күдікті ұсталды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.1 желтоқсанда Қаратау аудандық полициясының 102 пультіне әйел қоңырау шалып, пәтерінен ұлының денесін тапқанын айтты. "Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы 28 жастағы ер адамның мойын тұсынан пышақталған денесін тапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ведомство өкілдері. Полицейлердің айтуынша, бұл дерек "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне орай күдікті туралы мәліметтерді әзірге жария етпейтінін айтты.