Шымкентте 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы тоқтап тұр. «AMANAT» партиясының депутаттары «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының орындалуына мониторинг жасау барысында аталмыш нысанға да барды. Үш қабатты мекемеде дене шынықтыру, көркем-эстетика, ғылыми-техника, гуманитарлық және музыкалық білім беретін 5 блок ашу жоспарланған. Осы жылдың соңында қолданысқа берілуі тиіс. Бірақ ғимараттың тек 30 проценті салынған. Бұған себеп – қаржы жеткіліксіздігі. Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков өңір үшін маңызды әлеуметтік нысанды аяқтауға атсалысатынын жеткізді. Данабек ИСАБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Енді тек қана аяқтау үшін бізге 8 млрд қаржы республикалық бюджеттен бөлінуі қажет екен. Мердігер компаниямен сөйлесіп жатсақ, олар 3 млрдқа дейін жұмыстарын жасап қойған екен. Артығымен жасаған. Бұны шұғыл түрде біз ертең парламентке барған кезде өзіміздің дәрежеде бұл мәселені көтеретін боламын. Тиісті министрлікпен жұмыс жасайтын боламыз.