Шымкентте 72 жастағы науқас аурухананың үшінші қабатынан секіріп кетті

Шымкентте 72 жастағы қария аурухананың үшінші қабатынан секіріп кетті. Ол №1 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінде ем алып жатқан. Дәрігерлердің дерегінше, мұнда 7 мамыр күні жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Науқаста өзіне-өзі қол салу белгілері болған. 3 күннен кейін палатаға ауыстырылған зейнеткердің туыстары күнде келген, бірақ қайғылы оқиға болардан бір күн бұрын жанында ешкім қалмапты. Жоғарғы қабаттан құлаған қарияны дәрігерлер аман алып қала алмады.Қуаныш ЛЕКЕРОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Негізі сол туысқандары қасында отырғандықтан қаншама күн бұндай жағдай болмаған ғой, туысқандары кетіп қалғаннан кейін сол «мені тастап кетті» деп ойлағаннан деп өзіміз, өйткені бізден біздің 1 қалалық хирургиялық деңгейінде өте жоғары деңгейде көмейі тігіліп, бірінші хирургиялық өңдеу жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылып, бірінші жоғары медициналық қызмет көрсеткенбіз. Оқиғаның мән-жайын қазір полиция анықтап жатыр. «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен тергеу жұмыстары басталған. Денсаулық сақтау басқармасы да қызметтік тексеру жүргізілмек. Бақытжан АБДУЛЛАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қызметтік тексеріс жүргізу бойынша басқарма басшының бұйрығымен тексеретін мамандар құрылды. Қазіргі таңда біз жақтан тексерулер жүргізілу болады. Егер жіберілген қандай да бір қателіктер, ұйымдастыру жағында болсын, ем көрсету барысында олқылықтар табылып жататын болса, соған байланысты қызметтік тексеруден кейін қатты шара көрілетін болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Төрт қалада ауа ластанады
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты