Шымкентте академия оқытушысы ауыр соққыдан қаза тапты: оны ұрып өлтірген болуы мүмкін

Шымкентте Медициналық академия оқытушысы ауыр соққыдан қаза тапты. Алдын ала болжамды мәлімет бойынша оны біреулер ұрып өлтірген болуы мүмкін, - деп хабарлайды otyrar.kz.Оны көшеден өтіп бара жатқан адамдар ес-түссіз жатқан жерінен тапқан. 16 мамыр күні түнде 1967 жылғы азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Мамандар мидың ауыр жарақатымен науқасты жансақтау бөліміне жатқызғанын айтады. Алайда марқұм комада жатқан күйінде ес жимастан көз жұмды."Науқасты қабылдау бөлімшесіндегі нейрохирург, травматолог, хирург, реаниматолог тексеріп, тексеруден өткізіп, "жабық бас-ми жарақаты" диагнозымен өте ауыр жағдайда, асперациялық синдром, кома 3-пен жансақтау бөліміне жатқызды. Науқасқа қойылған диагноз "Мидың ауыр жарақаты. Жансақтау бөлімінде науқасқа қарқынды емдеу терапиясы жургізіліп, өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылды. Өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылғанына қарамастан жарақатының ауырлығына байланысты науқас ес жимастан 20 мамыр күні сағат 13:00-де қайтыс болды", - дейді хирург Мадияр Дүйсенов.Қазірше жаға ұстатар жайтқа қатысты әлеуметтік желіде екі нұсқадағы ақпарат тарап жатыр. Бірінде білікті ұстазды мектеп оқушысы ұрып өлтірген десе, енді бірі марқұмды көлік қағып кеткен болуы мүмкін дейді. Ал полиция аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті анықталғанын мәлімдеді. Ал өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді."Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Жылдың ең үздік комментаторлары мен спорт журналистері анықталды
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Мұстафа ӨЗТҮРІК: «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
WSJ: Трамп сайлауының демеушісі соғысқа ықпал етуі үшін Солтүстік ағын 2-ні сатып алмақ
Тарихта алғаш рет: Қазақстандықтар каратэден командалық әлем чемпионатына қатысады
Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады
Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Жетісу облысында дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді
Биткоин бағасы 100 000 долларға жақындады. Өсу жалғасуда
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді: 23 қараша 2024, 13:09 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты