Шымкент полицейлері ауруханадан қашып кеткен алаяқты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.Құқық қорғау органдарының 13 қыркүйек күні таратқан хабарламасында шымкенттік Феруза Корчиева (1983 жылы туған) 12,7 миллион теңгені алаятық жолмен қолды қылғаны айтылған. "Ол танысының мүлкін кепілден босатуға уәде беріп, одан қомақты ақша алып, хабарсыз кеткен. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі бойынша тіркеді", – Шымкент қалалық ІІБ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ол қазір қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүр. Ведомствоның мәліметінше, әйел денсаулығына байланысты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, емдеу мекемесінен қашып кеткен. "Оны көрген-білгендер болса, мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 102, 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09",-деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.