Шымкентте алаяқ зейнеткерлерді 7 млн теңгеге алдап кеткен

Шымкентте зейнеткерлерді 7 млн теңгеге алдап кеткен азамат анықталды.Еңбекші АПБ-ға қарт тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Әйелдің айтуынша, оған белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызы жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлаған. Күдікті егер зейнеткер белгілі бір соманы жақын арада оның мекенжайына келетін үшінші тұлға арқылы берсе, кінәлі адам жазадан құтыла алады деп сендірген. Қоңырау шалушы телефонды сыбайлас қызға тапсырып, ол дірілдеген дауыспен «анасынан» көмек сұрағандай кейіп танытқанда, әйелдің күмәні толығымен сейілген. Нәтижесінде қала тұрғыны алаяқтарға өзінің барлық жинаған 4,5 млн теңге көлеміндегі ақшасын берген. Сол күні полицияға телефон алаяқтарының тағы бір құрбаны осындай мәлімдеме жасады. Сүйікті немересіне көмектесу үшін 79 жастағы зейнеткер 2,5 млн теңге берген. Тергеушілер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ге тіркеді. Іздеу шаралары барысында жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушілердің үйіне қолма-қол ақша алу үшін келген жігітті анықтап, ұстады. Ол Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны болып шықты. Өз жауабында жас жігіт мобильді мессенджер арқылы алған нұсқауларына сәйкес әрекет еткендігін айтты. Оның міндеті – айтылған мекенжайлардан ақша алу және оны белгілі бір банктік шоттарға аудару. Бұл үшін ол, 50-ден 100 мың теңгеге дейін ақы алып отырған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Оның аясында қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты