Шымкентте әйелін пышақтап өлтірген адам 11 жылға сотталды

Шымкентте әйелін автокөлік ішінде аяусыз пышақтап өлтірген адам 11 жылға сотталды. Бірақ марқұмның туыстары өздеріне небәрі үш-ақ ай күйеу бала болған қатыгез жанға бұл тым жеңіл жаза деп отыр. Қаралы отбасының айтуынша, жігіт келіншекті өлтіріп қана қоймай, мәйітті қала ішінде екі сағат бойы көлігімен алып жүрген. Сондықтан оған ең ауыр жаза берілуін талап етуде.Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:Қанды қылмыс былтыр 31-тамыз күні болған. 50 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелін көлік ішінде бірнеше жерінен пышақтап өлтірген. Туыстарының сөзінше, 39 жастағы Раушан Пирманова азаматтық некедегі күйеуінің озбыр мінезіне үнсіз төзіп келгендіктен үш айдан соң айрылысып кеткен. Аса ауыр қылмыстық істі қараған судья Әбсаттар Шахидиновтың айтуынша, сотталушы өз қылмысын ішінара мойындаған. Әбсаттар ШАХИДИНОВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Қызғаныш сезімі салдарынан азаматтық некедегі әйелі болған Пирманованың мойнының оң жақ бүйір беткейінен, кеуде торының алдыңғы бет және сол жақ және артқы оң жақ тұстарынан асханалық пышақпен бірнеше рет соққылар беріп, оған құқыққа қарсы қасақана қаза келтірген. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді. Бұдан бөлек ол 10 млн теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді. Алайда, қызынан айрылған ана бұл жазаға қанағаттанбайды. Нафиза ҚЫСТАУБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: Үкіммен келіспеймін. Қатаң жаза беру керек еді. Үйімде отырған қызды көшеде ұстап алып, 10 минуттың ішінде пышақтап отыр. 12:30-да қызыммен сөйлеседі, 12:40-та «мен жеңшелеріңді өлтіріп алдым»,- дейді. Екі сағат машинаға салып алыыыып, көшемен қыдырып, әпкесінің үйіне апарады. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Айта кетейік, марқұмның артында кәмелет жасқа толмаған қос қызы қалды. Үкіммен келіспеген қаралы отбасы сотқа апелляциялық шағым түсірмек. А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді