Шымкентте азаматтық форумда жастар саясаты талқыланды

Шымкентте «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбында өңірлік форум өтуде.Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысып, азаматтық қоғам белсенділерінің диалог алаңын ашып берді. Азаматтық қоғамды дамыту мен қалыптастыру мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Бүгінде бұл сектордың рөлін арттыруға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен мән беріп отыр. Президент тапсырмасы аясында қазіргі таңда, қалада азаматтық қоғам институттарының атқаратын қызмет аясы кеңейіп келеді. Бүгінде қала аумағында 550-ден астам үкіметтік емес ұйымдар тіркеліп, жұмыс жүргізуде. Әкімдік тарапынан ұйымдардың дамуына, олардың қалыптасуына тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді. «Азаматтық қоғам – бұл қарапайым халық, біз бен сіз және қоғамда өзіндік орны бар үкіметтік емес ұйымдар. Ал үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің дамуында ықпалы орасан зор. Қазақстан зайырлы, өркениетке бет алған мемлекет. Сондықтан да халықтың үніне құлақ асады. Жалпы билік қашан да халықтың үніне құлақ асса, онда қоғамда өзара түсіністік орнайды, басты құндылығымыз - ынтымақ, бірлігіміз арта түседі» - деді қала әкімі.Форумның алғашқы бөлімінде сарапшы спикерлер сөз сөйлеп, биліктің өзара серіктесі, қоғамның қозғаушы күшіне айналған азаматтық қауымдастық өкілдерінің атқарған жұмыстарын талқылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрі саланың үздіктерін арнайы марапаттады. Форумның екінші бөлімінде азаматтық қоғам белсенділерінің диалог алаңында жастар саясаты және көші-қон процестерінің теріс салдарын жою тетіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, патриотизм сезімін нығайту тақырыптарында жарыссөздер өтеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
Алакөлде жеңіл көлік мінген ер адам қар құрсауында қалып қойған
Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
Алакөлде жеңіл көлік мінген ер адам қар құрсауында қалып қойған
“Жылқыңды сатып беремін“. Ақмола облысында ер адам алаяққа алданған
Құрамында никотині бар вейпті дайындап сатқан адам сотталды
Жамбыл облысында азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды
Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген
Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды
Tele2 мен Altel Қатар еліне сатылды
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды
Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды
Кастет те суық қару
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
Химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады
Лос-Анджелестегі алапат өрттен Голливудтың атақты актрисасы тірідей жанып кетті
Қысқы универсиада: Ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті ұсталды
Алматы әлемдегі ең лас 126 мегаполистің ішінде бірінші орында тұр
Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен төлем жасаған