Шымкентте бес жасар бала бассейнге батып кетті. Оқиға қаладағы фитнес клубтардың бірінде болған. Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің дерегінше, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Судың тереңдігі 1,2 метр, сол жерде бір өзі шомылып жүріп, суға тұншыққан. Оқиғаның мән-жайы қазір анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.Нұржан ҚАРАКӨЗЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Аталған орынға Тұран ауданынан және Шымкент қалалық ТЖДнің қызметкерлері шығып, пысықтау жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда тіркелген оқиға бойынша тергеп –тексеру жұмыстары жүргізілуде полиция департаментімен. А. Төребекқызы