Шымкент қаласының білім басқармасы мектеп асханаларына ешбір негізсіз тексеріс жүргізген,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Балаларға ыстық тамақ әзірлеушілердің әрекетін бақылау мектептер жанындағы арнайы комиссияларға жүктелгеніне қарамастан бұл іске басқарманың лауазымды тұлғалары мен әдіскерлері араласқан.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің анықтауынша, білім басқармасының бұйрығымен мектеп асханаларын жалға алушылар жұмысына 100-ге жуық тексеру жүргізілген. Кәсіпкерлер құқығын қорғау мақсатында білім басқарманың асханаларға мониторинг жасау туралы бұйрықтарының күші жойылды.