Шымкентте дәрігерлер инсульт алған науқасты мас деп ойлап, дер кезінде көмек көрсетпеген

Шымкентте миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартыпты. Жолда өзін жайсыз сезінген әйелді көшедегі бейтаныс адамдар №1 ауруханаға жеткізген. Бірақ науқастың құсып жібергенін көрген кезекші дәрігер ішімдікке тойып алған деп, палатаға кіргізіп, ұйықтатып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz."Бірінші көмек көрсетілмеген. Кейін кезекші дәрігерге барсам, "Рентгенге түсірдік, қол-аяғы, басы сау, үйге алып кете беріңіз, жай ғана мас, ұйықтап жатыр" деді. Қалай енді бұл? "Уланған шығар, иісі жоқ" деп айтсам да, көңіл аудармады", - дейді науқастың күйеуі Құттымұрат Азтаев.Инсульт алған Қалдыкүл Мамытова палатада екі сағаттай жатып қалған. Тек күйеуі келген соң токсикология бөлімшесіне апарып тексертіпті. Тек сонда ғана инсульт белгілерін анықталған. Дереу өзге ауруханаға апарып, басына ота жасалғанша, арада алты сағат уақыт өтіп кетіпті. Миына көп қан құйылған 45 жастағы науқас комаға түсіп кеткен.Әйелінің мүлде ішімдік ішпейтінін айтқан күйеуі ісіне салғырт қараған дәрігердің үстінен полиция мен прокуратураға шағым түсірді. Ал ауырып келген адамды "мас" деп ойлаған дәрігер науқастың құсқанын көріп, қате жормал жасадым деп ақталып отыр."Арбамен әкелді. Үсті-басы бәрі құсық. Ішкен шығар деп ойладым. Анализінен ештеңе шықпады. Анализ кейін көрсетеді. Сөйтіп токсикологияға тапсырып келіңдер дедім. Болды, басқа ештеңе болған жоқ", - дейді нейрохирург Қанат Мырзабаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды