Шымкентте дәрігерлер инсульт алған науқасты мас деп ойлап, дер кезінде көмек көрсетпеген

Шымкентте миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартыпты. Жолда өзін жайсыз сезінген әйелді көшедегі бейтаныс адамдар №1 ауруханаға жеткізген. Бірақ науқастың құсып жібергенін көрген кезекші дәрігер ішімдікке тойып алған деп, палатаға кіргізіп, ұйықтатып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz."Бірінші көмек көрсетілмеген. Кейін кезекші дәрігерге барсам, "Рентгенге түсірдік, қол-аяғы, басы сау, үйге алып кете беріңіз, жай ғана мас, ұйықтап жатыр" деді. Қалай енді бұл? "Уланған шығар, иісі жоқ" деп айтсам да, көңіл аудармады", - дейді науқастың күйеуі Құттымұрат Азтаев.Инсульт алған Қалдыкүл Мамытова палатада екі сағаттай жатып қалған. Тек күйеуі келген соң токсикология бөлімшесіне апарып тексертіпті. Тек сонда ғана инсульт белгілерін анықталған. Дереу өзге ауруханаға апарып, басына ота жасалғанша, арада алты сағат уақыт өтіп кетіпті. Миына көп қан құйылған 45 жастағы науқас комаға түсіп кеткен.Әйелінің мүлде ішімдік ішпейтінін айтқан күйеуі ісіне салғырт қараған дәрігердің үстінен полиция мен прокуратураға шағым түсірді. Ал ауырып келген адамды "мас" деп ойлаған дәрігер науқастың құсқанын көріп, қате жормал жасадым деп ақталып отыр."Арбамен әкелді. Үсті-басы бәрі құсық. Ішкен шығар деп ойладым. Анализінен ештеңе шықпады. Анализ кейін көрсетеді. Сөйтіп токсикологияға тапсырып келіңдер дедім. Болды, басқа ештеңе болған жоқ", - дейді нейрохирург Қанат Мырзабаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Тоқаев мешітке барды: Құран оқытылып, Президент атынан құрбандық шалынды
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті
Түркістан облысында шегірткеден қорғау шаралары аяқталды
Ақтөбе облысында тұрғын үй өртенді
Оралда базарда газ баллоны жарылды: 10 адам зардап шекті
Достарымен шомылуға барған: Павлодарда 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр
30 миллион теңгеден аса қаражат жымқырған балабақша директоры сотталды
Меккеге қажылыққа барған алты адам қайтыс болды
Дзюдодан Еуропа кубогында Шерзод Давлатов чемпион атанды
Алматыда Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды
Еуропа чемпионаты: Испания құрамасы Хорватияны айқын басымдықпен жеңді
National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
Оралда мал соятын орында газ баллоны жарылды
Оралдағы газ баллонының жарылысынан 10 адам зардап шекті
16 маусымға арналған валюта бағамы
Маңғыстау облысында 21 жастағы жігіт суға батып кеткен
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Шушада өткен халықаралық конференцияда сөз сөйледі
Астана мен Сеул арасындағы рейстер қайта жанданды
Ақтөбе облысында тұрғын үй өртенді
Елордада әкелер мен балалар үшін қызықты сайыс ұйымдастырылды
Астрономдар ғарыштан белгісіз дыбыс естіді