Шымкент қаласында екі адам газға уланып, көз жұмды. Бір адам ауруханаға түсті.Екі оқиға бір күнде болған. Екеуінде де алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ қондырғысын пайдалану ережесі бұзылған. Төтеншеліктер 1987 жылы туған ер адамның мәйітін сағ. 12:46 К.Цеткин көшесіндегі үйлердің бірінен тапты. Ал қасындағы ғимараттан 2000 жылы туған қызды ауыр иіс тию белгілерімен тауып, ауруханаға жеткізді. Оқиға орнына жеткен апаттық құтқару бригадасы бірнеше техникалық талапты бұзу дерегін анықтады. Арада 3 сағат өткен соң, 15.25-те Қазығұрт шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен 1985 жылы туған әйелдің денесі табылды. Бұл жерден де мамандар бірқатар ереже бұзушылықты анықтады. Газ мамандары, төтенше жағдай қызметі тұрғындарға техникалық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.