Әлеуметтік желіде, қолына екі бірдей мылтық ұстаған азаматтық қала орталығында жұрттың үрейін туғызып, оқ жаудырған видеосы тарады. Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Өзбекстанның 39 жастағы азаматы Рысқұлбеков көшесіндегі «Арсенал» аңшылық дүкенінің сатушысына шабуыл жасаған.Күзетшіні тапаншамен қорқытып, ол дүкеннен аңшы мылтығын ұрлаған. Содан кейін ер адам көшеге шығып, күзетшіге оқ отқан.Куәгерлер болған оқиғаны камераға түсіріп үлгерді. Кадрларда ер адамның көшеде қарумен жүгіріп бара жатқанын көруге болады, тіпті артынан қуған полицейлердің көлігіне де мініп алғанын аңғаруға болады. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары ақыр аяғы қарулы ер адамды қолға түсірді. Белгілі болғандай, жараланған күзетші ауруханаға түсті. Ал сатушы ауруханаға жатқызудан бас тартты, ол саусағын аздап жарақаттады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. "Бүгін сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды. Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері келді. Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болды. Күзетшінің бірі жараланды.Қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады.Белгілі болғандай, ер адам, Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған Сайга карабині тәркіленді.Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.