Шымкентте фастфудты пара ретінде алдыртқан әділет капитаны сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігі («Құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, пара алу») бойынша айып тағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.К. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Еңбекші аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы лауазымын атқарып жүріп, яғни құқық қорғау органының қызметкері бола тұра 12 қазан 2023 жылы сағат 20:00 дер шамасында және 22 қазан 2023 жылы 19 сағат 30 минут шамасында өзінің бақылауындағы сотталған – жаза өтеуші Н.-ның пайдасына жасаған іс-әрекеті, яғни қадағалау және бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін 12 668 теңге тұратын тағамдарды (фастфуд) пара ретінде алдырған.Сотталушының көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кінәсі іс бойынша жинақталған және қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралғандықтан зерттелмеген іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен және басқа іс материалдарымен толық өз дәлелін тапқан, - деп хабарлады Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.Прокурор К.-ға ҚК-нің 366-бабының 1-1-бөлігімен, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын және оны мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыру қосымша жазасын тағайындауды сұрады.Сотталушы мен оның қорғаушы адвокаты сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұрады.Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жасаған қылмысын толығымен мойындап өкініш білдіргенін, алдын сотты болмағанын, асырауында жас баласы бар және қазіргі таңда екінші балаға жүкті екенін, ал өзінің кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасағанын қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.Сот, К-ны Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзузушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған параның 25 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 316 700 теңге айыппұл жазасын тағайындады және ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сай, К. «әділет капитанты» деген арнаулы шенінен айырды, - делінген сот үкімінде.Үкім заңды күшіне енген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы