1927 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозған, - деп жазды KAZINFORMШымкентте сейсмологиялық станция бар. Мұнда сейсмикалық деректерді жинау, талдау, өңдеу, жер сілкінісі ошақтарының класын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізіледі.Станцияда 3 жұмысшы қызмет атқарады. 1927 жылдан бері жұмыс істеп келе бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозған.Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Шымкент» сейсмологиялық станциясының жұмысымен танысты.Бекеттің жай-күйін көрген қала әкімі жауаптыларға жаңа ғимарат салуға тапсырма берді.Сондай-ақ, Ғабит Сыздықбеков сауда логистикалық орталықтағы көпфункционалды қойма кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады.Жаңа көкөніс қойма кешені 6 гектар аумақта салынуда. Жеке инвестор есебінен қаржыландырылған инвестициялық жобаның жалпы құны – 10 239 млн теңге. Биыл іске қосылатын қоймада 107 адам жұмыспен қамтылады.Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жалғасатынын жеткізді.