Шымкентте жас жігіт ойын клубының операторына шабуыл жасап, кассадағы қомақты қаржыны жымқырып кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.Жас жігіт бұған дейін 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып, материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтыруға бел буған. Содан мекеме қызметкерін пышақпен қорқытқан ол сейфтегі 4 миллион теңгені алып, ізін суытқан. Жәбірленуші оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған.Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағында ізін суытпай ұстады.28 жастағы жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.