Шымкентте жауған қарды тазалап үлгермей жатыр

Шымкентте қыс қаһарына мінді. Алайда қар тазалауға сақадай саймыз деп ала жаздай есеп берген жауаптылардың сөзі іс жүзінде көрінбей қалды. Кеше кештен бері жауған ақ ұлпа бүгін де тоқтамай жауып тұр. Қыстың сәні кіріп қалғанмен көшелер қардан тазаланбай жатыр. Коммуналдық қызмет мамандары ішкі орамдарды айтпағанда үлкен көшелердің өзін аршып үлгермеуде. Бұл көлік қозғалысына кері әсер етіп тұр. БЛИЦ: - Бүгін міне жүргеніме азаннан бері 5-6 сағат болды. Сағат таңғы 7 шыққам, көшені тазалап жатқан бір техника көрген жоқпын. Өтірік болмасын бірақ, үш техника жүр Тәукеханның бойында. Шымкент бойынша сол үш-ақ технмкасы бар ма?! Басқа жерлерде көрген жоқпын тазалап жатқанын. Бармаған көшем қалмады, біраз жерлерді аралап қойдым таңғы жетіден бері. - Кешеден бері қар жауып жатыр. Біздің коммуналдық жүйелер істеп жатқан жоқ қой, қарасаңыздаршы.. Көліктің бәрі қай жер болса сол жерде тұрып қалып жатыр. Мынау енді үлкен көше ғой Арғынбеков деген, ең болмаса осындай үлкен көшелерді тазаласа болады ғой. Ал қалалық әкімдіктегілер бүгін көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалауға барлық күш жұмсалып жатқанын жеткізді. Жұмыс күшейтілген режимде жүріп жатыр дейді. Ресми дерек бойынша, Шымкент көшелерінде 350-ден астам техника және мыңнан астам адам жұмылдырылған. Қазгидромет орталығы мамандарының мәліметінше, қардың қалыңдығы жарты метрге жақындаған. Әлі таңға дейін жауады деген болжам бар. Ал алдағы екі тәулікте қатты аяз болатынын ескертеді. А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дмитрий Мун цифрлық даму вице-министрі болды: 22 қараша 2024, 14:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ішімдікке құмар қала белгілі болды
Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай Азия чемпионатына қатыспайды. Неге?
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Туғанына бір күн болған сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Шымкентте жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінеді
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Астана тұрғыны полицейді соққыға жыққан
Атырауда бір адам «сібір жарасын жұқтырды» деген күдікке ілінді