2023 жылдың соңғы сағаттарында Шымкентте қайғылы оқиға болды. Жеке үйді шарпыған өрт салдарынан 51 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.OTYRAR басылымының жазуынша, 31 желтоқсан күні сағат 21:00 шамасында оқиға орнына жеткен құтқарушылар 1970 жылы туған ер адамның денесін тапқан.Төтенше жағдайлар бригадасы тексеру жүргізгеннен кейін үйдің дәлізінде контрмарк пен қазандық пеш орнатылғанын анықтады. Пеш өз кезегінде қолдан жасалған газ оттығымен жылытылған. Белгісіз себептермен пештің жанындағы ағаш еден мен ішкі есік өртеніп кеткен. Келер жылы кімдерге үйленуге болмайды: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап не өзгереді Үй иесі әртүрлі дәрежедегі күйік алып, соның салдарынан жан тапсырған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.