Шымкентте жеке үйлердің бірінің моншасынан екі адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 1964 және 1963 жылы туған ер мен әйел адам газдан уланып қайтыс болуы мүмкін.«ҚазТрансГазАймақ» компаниясының Шымкент өндірістік филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел топ газ құрылғыларын орнатудағы бірқатар кемшіліктерді анықтаған. «Авариялық бригада г/аспаптары монтажының бұзылуын анықтады. Өлшемі 2,20х3,20 моншаның ауыз бөлмесінде «TERLOFIT» маркалы ағынды су жылытқышы орнатылған. Ағынды су жылытқыштың түтін шығаратын құбыры (гофра) ағынды су жылытқышының құбырларына тығыз қосылмаған. Ағынды су жылытқыштың үстіндегі түтін шығаратын құбыр (гофра) төбенің қабырғасы арқылы монша шатырының астына шығарылады. Желдету каналы жоқ, желдеткіш бар, бірақ жабық күйде. Ағынды су жылытқыштың мұржасында тартқыш жоқ. Бу бөлмесі екі жолақты үйдегі жылыту қазандығымен жылытылады. Г/құбыры БГС-тен кейін жеке тұрған ғимаратқа (монша) ұзындығы шамамен 6 метр болатын пластикалық түтікпен ағынды су жылытқышқа және қолдан жасалған жылыту қазандығына жүргізілген». Мамандар қазір жазатайым оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Айта кетейік, наурыз айы басталғалы бұл-уланудың үшінші жағдайы. Бұған дейін 12 жасар қыз бен 48 жастағы ер адам қаза тапқан болатын.