Шымкентте жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші көлік тұрағынан полицейлердің көзінше қашып кеткен

Шымкентте куәлігінен айырылған мас жүргізуші көлік тұрағынан полицейлердің көзінше қашып кеткен. Бұл туралы OTYRAR хабарлайды.Жүргізуші бұған дейін 2025 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Расталмаған ақпарат бойынша, ол адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы үшін лицензиясынан айырылған.Тыйым салынғанына қарамастан, ер адам ішімдік ішіп, қайтадан рөлге отырады. Оны полиция қызметкерлері тоқтатады. Көлік айыптұрағына қойылады, жүргізушіге көліктен құжаттарды алуға рұқсат береді, ол осы сәтті пайдаланып, қашуға бел буады. Күзетші көліктің алдындағы қақпаны жауып үлгермеген. Алайда жүргізуші алысқа кете алмаған. Ол қамауға қайтадан қолға түседі. “Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған жүргізушіні мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұстады. Оның бұған дейін 2025 жылдың қарашасына дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Көлікті уақытша айып тұрағына қою кезінде ер адам жауапкершіліктен жалтару үшін қашып кетпек болған, бірақ полицейлер дереу ұстаған. Қазіргі таңда оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам қамауда", - деп хабарлады Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы қаласында алғашқы қар еріту пункті іске қосылды
500 миллиардердің тізімі жаңарды: ішінде жалғыз қазақстандық бар
Атырауда екі ауылдың тұрғындары арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан
Қайырымдылық  аударымдары бақылана ма?
Исламдық ипотека: Отбасы банк оны биыл іске қосуды жоспарлап отыр
Қоржында тағы бір күміс жүлде
Ауа райына байланысты екі қаланың оқушылары қашықтан білім алады
Сербиядан аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Электр энергиясы келесі айдан бастап қымбаттауы мүмкін
Мемлекет басшысы Асхат Хасеновті қабылдады
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда
Көшпенділер қалашығына жол салынбақ
Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды
Алматыда төбелескен Үндістан студенттері еліне қайтарылады
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Дзюдодан ұлттық құрама жаңа маусымдағы оқу-жаттығу жиынын бастады
Боран және тұман: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?