Шымкентте автобус қағып, ауруханаға түскен тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, 2006 жылы туған жасөспірім алған жарақаттарынан есін жимастан көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілгенде жасөспірім клиникалық өлім жағдайында болған. Бірнеше рет жүрек қағысы тоқтаған жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмаған."2006 жылы туған жасөспірім қайтыс болды. Ауруханаға жеткізілгенде жасөспірім клиникалық өлім жағдайында еді. Бірнеше рет жүрек соғысы тоқтап қалды. Реанимациялық шаралардың әсері болған жок", - деп мәлімдеді Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, 6 адамды қағып, 4 адам қаза тапты.