Шымкентте кәріз суынан биогаз өндіріле бастады

Шымкентте сарқынды судан биогаз өндіретін цех жұмыс істейді. Бұл Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда алғаш рет қолға алынған бірегей жоба, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Шымкенттік мекеме бұл жобаны польшалық мамандармен бірлесіп қолға алған. Поляктар оны қашықтықтан бақылап, шымкенттік әріптестерімен өзара тәжірибе алмасып отырады. "Сарқынды су және қалдықтан биогаз өндіру жобасы Орта Азияда тек Қазақстанда, оның ішінде тек Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатыр. Осы бірегей жобаның нәтижесінде мекемеміз кешенде қолданып отырған электр энергияның 90 пайызын өзімізде өндіріп жатырмыз. Табысты жобаларды жүзеге асырудың арқасында инвестиция тарту ісі қарқынды жүріп жатыр. 2022 жылдың өзінде мекемеге 2,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл қаржы 6 бағыт негізінде жұмсалып, көзделген меже толығымен орындалып келеді. Атап айтқанда, су қабылдағыштар мен сорғыларды жаңалау, құбырларды қайта құру және тағы басқа құрылыс жұмыстары. Европалық қайта құру және даму банкімен алты келісім жасап, несие ретінде 14 жылда 19 млрд теңгеге жуық қаржы алынды. Оның 15 млрд теңгесі игерілген", - дейді кәсіпкер Орман Анарбек. Айта кетейік, қалалық кәріз суын тазартатын құрылғылар кешенінде тәулігіне 150 мың текше метр кәріз қалдығы мен суы тазартылады. Ал кәріз жүйесінің суынан алынған тұнба қайта өңдеу арқылы алынатын биогаздан негізінде жылына 3,5 млн кВт электр энергиясы өндіріледі. Оның айтуынша, бұл жетістік су шығынын төмендетуге мүмкіндік берді. "Бүгінгі таңда кәріз суын тазарту құрылғылары кешенінің қуатын тәулігіне 200 мың текше метр суды тазартатын деңгейге жеткіземіз", - дейді мекеме басшысы. Айта кетейік, Шымкентте су құбыры желілерінің ұзындығы 1900 шақырым, ал кәріз желілері 463 шақырымнан астам. Сала мамандары Шымкенттегі тұтынылған судың мөлшерін, қысымы мен апатты жағдайлардың алдын-алуды қашықтықтан бақылай алады. Бұл осыдан бес жыл бұрын енгізілген геоақпараттық жүйе арқылы іске асады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты