Шымкентте кәсіпкерлерге 142 миллион теңге негізсіз берілген

Шымкентте кәсіпкерлікті дамыту үшін бөлінген қаржы 38 кәсіпкерге негізсіз берілген. Заң бойынша қайтарымсыз қаржы жаңа әрі тиімді бизнес жобаларды қолдауға берілуі тиіс. Алайда ақша наубайхана, ателье, әсемдік салоны, кондитерлік цех ашқысы келетін азаматтардың қанжығасында кеткен. Осылайша 142 млн теңгенің желге ұшқаны анықталды.Жалпы, соңғы үш жылда 50 кәсіпкерге мемлекеттік грант заңсыз берілген. Қазір олардың жетеуі сотта қаралып жатыр. Тағы 38 жобаға бөлінген қаржыны қазынаға қайтару туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, грант қаржысын бөлу ережесіне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалды. "Комиссияның тағы бір заңсыз әрекеті жобасы мақұлданған кәсіпкерлерге, мүмкіндігінше, көп сома беруге тырысқан. Оның шектік мөлшері бес миллион теңге. Әрбір жобаның өзіндік ерекшелігіне сай жұмсалатын шығыны әртүрлі болғанына қарамастан барлығына біркелкі қаржы берілген. Қабылданған өтінімдердің 70 пайызында осындай сыбайластық тәуекелдері анықталып отыр",- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Алексей Колосков.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда алаяқтықпен айналысқан екі адам қамауға алынды
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді