Шымкентте келіні қайын атасының атына екі несие рәсімдеп, ақшаны өзі иемденіп алған

Шымкенттік келін қайын атасының атына екі рет несие рәсімдеп, ақшаны өзі иемденіп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Абай ауданының тұрғыны полицияға өзінің атына заңсыз несие рәсімделгені туралы арызбен жүгінді. Ер адамның айтуынша, ол кезекті төлем туралы хабарлама келген кезде несие туралы кездейсоқ білген."Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді. Жәбірленушіден, оның отбасы мүшелерінен және әріптестерінен сұрақ-жауап алынды. Смартфонын көбіне қайда және қашан қалдырғанын, жеке деректерін кімге жария еткенін, сондай-ақ ақша аударымдары тексерілді. Нәтижесінде күдікті анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс тіркелді", – делінген хабарламада. Несиені рәсімдеген жергілікті тұрғынның өз келіні болып шықты. Ол өзінің ісі туралы қайын атасының біліп қойғанын байқап, Түркістан облысындағы туыстарына қашып кеткен. Полиция қызметкерлері оны мегаполиске жеткізді. Әйелдің қайын атасының телефоны арқылы интернет-банкингті жасырын пайдаланғаны белгілі болды. "Бірнеше ай ішінде әйел туысының атына жалпы сомасы 750 мың теңгеге тауар алу үшін 2 несие рәсімдеген. Оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, қаражатты өз шотына аударып алған. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы Серік Жантаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Григорий Бабаян: Қарсыластың деңгейі жоғары болды
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль алды (ВИДЕО)
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді