Шымкентте кибер-алаяқ сотталды

Шымкентте кибер-алаяқ бас бостандығынан шектелді. Абай ауданының полициясына интернет-алаяқтық туралы арыз түсті. Жергілікті тұрғынның айтуынша, әлеуметтік желіде досы одан ақша сұрап хат жазып, қиын жағдайға тап болғанын және бірнеше күннен кейін барлық соманы қайтаратынын жеткізген. Ер адам ол көрсеткен шотқа ақша аударымын жасап, біраз уақыттан кейін досымен кездескенде онымен мүлдем хат алмаспағанын білген. Аталған арыз бойынша қылмыстық істі тіркеген полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Бойжеткен тағы бір азаматтың сеніміне кіріп, дәл осындай жолмен ақша алғаны белгілі болды. Қаскүнем әлеуметтік желідегі құрбандарының парақшасын мұқият зерттеп, достарының атымен аккаунт ашқан.Қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін ол басқа адамдардың профилінен жүктеп алынған фотосуреттерді пайдаланып, жәбірленушілердің санасында ешқандай күмән қалдырмаған. Осылайша, Абай АПБ-ның тергеушілері іс материалдарын барлық жинақталған айғақтармен бірге сотқа жіберді. Жас қыз ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Лос-Анджелес олимпиадасында өзімді дәлелдеуге тырысамын - Айбек Оралбай
Құтқарушының құрметті жолы
Президент энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді
Олжас Бектенов Мәскеуде өткен ЕҮАК отырысына қатысты
Ақтөбе облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Ғылыми-педагогикалық сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Ұландар шетел азаматына көмек көрсетті
Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды- қорытынды жаңалықтарда (13.12.2024)