Шымкентте көпбалалы анаға сіңлісі донор болып, бір бүйрегін берді Тағы да оқыңыздар

Шымкент тұрғыны өзінің туған әпкесіне донор болып, бір бүйрегін берді. Бүйрек трансплантациялау отасы 1 қалалық клиникалық ауруханасында жасалды. Көпбалалы анаға донор болған сіңлісі бүгін ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Шымкент қаласының 37 жастағы тұрғыны алты жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Науқас бүгінге дейін аппаратпен өмір сүріп келген. Аты-жөнін жария еткісі келмеген сіңлісі әпкесінің дертіне дауа болуды ғана ойлағанын айтады. "Әпкемнің аппаратқа тәуелді болмай, құлан таза айығып кетуін тілеймін. Отадан кейінгі жағдайым жақсы. Дәрігерлерге алғыс айтамын", - дейді 33 жастағы донор. Бүйрек ауыстыру операциясы Шымкенттегі 1 клиникалық қалалық ауруханасында жасалған. Төрт баланың анасы ағза ауыстыру отасынан соң гемодиализге тәуелдіділіктен құтылғанына қуанады. "Отаны тамыздың 25-де жасады. Өзімнің туған сіңлім донор болды. Бүгін ауруханадан шықты. Қуанып тұрмын. Бауырыма да, ақ халаттыларға да алғысымды білдіремін! Аппаратсыз өмір сүрген қандай керемет", - дейді ол. Күрделі операцияны білікті хирург Рақымжан Жолдасбеков жасаған. Мамандар бүйрегін ауыстырған көп балалы ана тағы да бір апта дәрігерлердің бақылауында болады дейді. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков науқастың отадан кейінгі қал-жағдайын білу үшін арнайы ауруханаға келді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әзербайжан ТЖМ қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Әзербайжан билігі ұшақ апаты кезінде көмектескен қазақстандықтарды марапаттады
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Рекордтық көрсеткіш: 2024 жылы Қазақстанда 1,5 млн адам төлқұжат жасатқан
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Дархан Сатыбалды лауазымды қызметке тағайындалды
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды