Шымкентте көпбалалы отбасының үйі өртеніп, далада қалды

Шымкентте көпбалалы отбасы қақаған қыста далада қалды. Алты баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Нәзира Дүйсебаеваның паналап отырған баспанасынан өрт шықты. Тілсіз жаудың тұтануына не себеп? Шиеттей бала қазір қайда? Қиын жағдайға тап болған анамен тілдесіп қайтқан әріптесім Айзада Төребекқызы тарқатсын.Қызыл жалын кеше бәрі тәтті ұйқыда жатқанда тұттанған. Таңғы алтылар шамасында 8-сыныпта оқитын үлкен ұлы үстіне жоғарыдан әлденелердің түскенінен шошып оянып, келесі бөлмеде жатқан анасына айтқан. Әйтпегенде, артын ойлауды өзі қиын еді. Өрт шыққан бөлмеде Назира Дүйсебаеваның бес баласы жатқан. Көпбалалы ана төтеннен келген оқиғадан ес жия алар емес, көз жасы көл болды. Тек балаларының дін аман қалғанына тәубе етеді. Нәзира ДҮЙСЕБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үш қызымның аяқ жағынан бастап жанып келе жатыр екен. Олардың қасында екінші балам жатқан. Барлығын орап, өзімнің екінші бөлмеме шығарып жатар орныма, сол жерге қойып қойып , өзім далаға шығып келіп, пештің үстінде шелекте су тұрған еді, соны шаштым. Одан баклажка бар еді, баклажкадағы суды шашып далбасалап не болып не қойғанын білмей қалдым. Үйге кірсем уже ана бөлмем де көк түтін болып, балаларым барлығы қақылдап жөтеліп жатыр екен. Жанұшырған ана балаларын көрпелерімен ораған күйі көршісінің үйіне таси бастаған. Өрттің нақты неден шыққанын білмейді. Білетіні, түнгі сағат ондарда ошаққа көмір саған. Ол екі сағатта жанып бітеді екен. Алайда жалын ошақ тұрған тар бөлмеде емес, келесі жатын бөлменің шатырынан қалай шықты деп өзі де аң-таң. Нәзира ДҮЙСЕБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл мынау тақтайы құбырға жақын тұрған екен. Мынау осыған жақын тұрған екен. Мынау қызып, мынаған әсер еткен екенда. Мынау уже шіріп кеткен тақтай. Осымен әсер етіп, сол жерге дейін барған екенда. Бұл қызып-қызып, сол жерден өрт шыққан екен. Бұл тоқтан дейін десек тоқтан емес осыдан боп тұр деп айтты бізге. Көпбалалы отбасының бүтін қалған дүниесі жоқ. Нәзира, Қайнарбұлақ саяжайындағы бұл пәтерді өткен қыркүйектен бері паналап отыр. Жазғы саяжай ретінде салынған баспанаға пеш кейіннен орнатылған көрінеді. ШЫМКЕНТ қ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қайнар бұлақ саяжайы, Виноградная көшесі бойында орналасқан, жалпы көлемі 36 ш.м. құрайтын уақытша тұрғын үйдің, көлемі 1 ш.м. төбе жабындысы жанды. Өрт сағат 07:56-да оқшауланып, сағат 08:03-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша қатты отынмен жанатын пештің ақаулығынан өрт шыққан. Бүгін екінші күн шиеттей баламен көршісінің үйін паналап отырған жалғызбасты ана қайырымды жандардың қамқорлығынан үмітті. Қалада пәтерақы қымбат болғасын саяжайдан пәтер жалдаған. 5 жастағы ерекше қызының денсаулығына байланысты өзі жұмысқа шыға алмайды. Төрт баласы мектеп жасында. Кенжесі балабақшада. Айта кетейік, бір түнде далада қалған отбасыға қамқорлық жасауға ұмтылып жатқандар аз емес. Бүгіннің өзінде 10 млн теңгеден астам ақша жиналып үлгерген. А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Доллардың қымбаттағаны тұрмысымызға, сатып алу қабілетімізге қаншалықты әсер етеді?
Жұмаға арналған валюта бағамы
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
"Қазақстанда кәсіби футбол клубын ашқым келеді" – Седет Чичек
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
eGov қосымшасында уақытты өзгерту туралы сауалнама пайда болды
Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті