Шымкентте көпқабатты тұрғын үй құрылысы бітпей тұр

Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерлі болудан үмітті ондаған отбасы бүгін қалалық әкімдікке келіп шу шығарды. Наразы топтың айтуынша, жоспар бойынша олар өткен күзде қоныс тойын тойлауы тиіс болған. Алайда үйге кірмек түгілі, көпқабатты төрт үйдің құрылысы әлі аяқталмады деп ашынады.172 отбасы банктің байқауынан былтыр сәуірде өткен. Құзырлылардың соңғы берген уәдесі бойынша қаңтардың соңында пәтердің құжаттары мен кілтін алуы тиіс еді. Алайда ол жай сөз күйінде қалды дейді. Жұрт пәтерден пәтерге көшіп, қиналып кеткендерін жеткізді. Ал уәделі баспананың құрылысы әлі толық аяқталмаған көрінеді. Қала әкімі де бірлі жарым кемшіліктің барын жасырмайды. Жауапсыз мердігер жауапсыз қалмайды дейді. Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Кәсіпкердің ақшасы жоқ. Егер де ол кәсіпкерді сол кезде сотқа беретін беріп, оны әрі қарай іс қозғап жасаған кезде үй ешқашан бітпейтін еді. Сол себептен, өйткені ол ақшаны жеген..сол себептен мен спонсорлар ақша тауып, 380 млн теңгедей спонсор тауып, үйді бітіріп аяқтап жатыр. Ең бастысы қалған кемшіліктерді мердігер бес жылға дейін түзетіп отырады. Гарантиясы бар. Тұрғындарға пәтер кілті 15 ақпанда беріледі. Кем-кетік біртіндеп реттелмек. Асхат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ТҰРҒЫН: Кемшіліктер бар, су , лифт бітпеген. Майда-шүйде құлап жатқан жерлері бар. Оларды бітіріп береміз деп жатыр. Бізге документ пен кілтті беріңіздер деп жатырмыз. Құлаған жері жәйлап бітеді деп жатырмыз. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Құрылыс жұмыстары 99 процентке аяқталған бұл үйлердің іші біткенімен, сырты әлі күнге көріп тұрғанымдай айра-жайра болып жатыр. Қазір мына жер тоң болып қатып тұрғанмен күннің көзі шықса болды ми батпаққа айналайын деп тұр. 15 ақпаннан көшіп келеміз деп үміттенген халықтың ендігі уайымы сол болып тұр. Көктемге дейін бұл мәселе де шешіледі дейді билік өкілдері. Ал әзірге уақытша тас төселеді. А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Танымал жас әнші Sadraddin астаналықтарға үндеу жасады (ВИДЕО)
Шымкентте молдовалық экспансия: «Жетісу» менсінбеген қорғаушы «Ордабасының» жейдесін киеді
Қазақстанда қыста мопед айдауға бола ма?
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз