Шымкентте күйеуін өлтірген әйел ақталып шықты

Шымкентте сот өзін қорғамақ болып, күйеуін өлтірген әйелді ақтап алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Тергеу анықтағандай, 31 жастағы ер адам әйелмен азаматтық некеде тұрып, оны бірнеше рет ұрып-соққан. Әйел серіктесінен құтылуға тырысып, бірнеше рет басқа қалаға қоныс аударған. Сонымен қатар, ол полицияға үш рет арызданған. Алайда, құқық қорғау органдары тарапынан айтарлықтай әрекет болған жоқ. Ер адам оны тауып алып, кешірім сұрап, Шымкентке қайтарған, біраз уақыттан кейін тұрақты ұрып-соғу жағдайлары қайталана бастайды. Сонымен қатар ер адам жұмыс істемейді. 24 сәуір күні ер адам тағы да әйел тұратын пәтерге барады. Ол мас күйінде одан ақша, темекі мен арақ-шарап талап ете бастаған. Одан бас тартқан әйелге азаматтық некедегі күйеуі шабуыл жасап, мұрнын сындырған, содан кейін басын қабырғаға соғады. Әйел пәтерден қашпақ болған, бірақ ер адам оны жібермеген. Төбелес кезінде әйел асхана пышағын алып, өзін қорғау мақсатында күйеуінің кеуде тұсынан ұрған. Пышақ жүрекке тиіп, ол сол жерде көз жұмды. Тергеу барысында полицияға бұрын түскен арыз-шағымдардың барлығы анықталып, олар бойынша ешқандай шара қолданбағаны белгілі болды. Сондай-ақ, айыпталушының денесінен көптеген жарақаттар табылды. Сот оқиғаның барлық жай-жапсарын зерделей келе, қасақана кісі өлтірді деген айыпты алып тастап, сотталушыны қажетті қорғаныс шегінен шықты деген қорытындыға келді. Оған ҚР ҚК-нің 102-бабына сәйкес бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, нәтижесінде әйел сот залынан тікелей босатылды. Өз кезегінде марқұмның туыстары 15 млн теңге моральдық және 800 мың теңге материалдық шығын талап еткен. Істің барлық мән-жайын қарап, сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды. Демек, қызға 1 миллион теңге төлеу керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сотталғанды шығару үшін пара сұраған Шымкенттік соттың тергеу ісі аяқталды
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ірі консорциум Батыс Қазақстан облысындағы аграршыларды қалай қолдайды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр