Шымкентте қызанақтар қоқысқа тасталып жатыр

Шымкентте қызанақ қоқысқа тасталып жатыр. Бірнеше тонна көк түйін жеуге жарамсыз боп қалған.Бұл – қатты аязда жылыжай ішінде үсіп қалған қызанақтар. 3 гектар жерге егілген томат өнімі сақтауға да жарамайды. Өйткені суық ұрған. Айта кетейік, шымкенттік кәсіпкерлер қызанақтың голландиялық сортын күзде еккен болатын. Жазға дейін 1300 тоннадай өнім алуы тиіс еді. Алайда амалсыздан көк помидордың жарайды ау дегенін теріп алып, өзгесін төгіп жатыр. Енді 70 мың түп көшетті түбімен алып тастаудың өзі қосымша жұмыс күші, қосымша шығын болып тұр дейді серіктестік өкілдері. Өндірістік жылыжай қожайыны 100 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған. Енді шаруалар банк алдындағы берешегін қалай өтерін білмей отыр. Қанат ЖАУЫМБАЕВ, ҚР АШМ АӨК НАРЫҚТАРЫН ӨҢДЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Үсіген өнімдер көлемі еліміз бойынша аса көп емес. Дегенмен бұл жағдай көкөніс бағасы мен тапшылығына әсер етпей қоймайды. Ал шаруаларды төмен бағадағы көмірмен қамту үшін бүгінгі күні жергілікті әкімдіктермен бірге сатып алынуда. Алдағы уақытта жылыжайларды жылытуға қажет отындар ертерек қамтамасыз етіп отыру керек. Ал жалпы айтқанда биылғы қатты аяз Қазақстаннан тыс елдерді де шарпып өтті. Соған қарамастан бұл мәселе үкіметтік деңгейде жылдам қолға алынып, қазір проблемалар реттеліп жатыр. А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түседі? Көлік министрі жауап берді
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Алматыда атысқандар ұсталды
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды