Шымкентте мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Республика күнін Шымкент тұрғындары мен қонақтары ерекше тойлады. Жиналған қауым мерекеде ән-күй тыңдап, көңіл көтерді. Сондай-ақ, Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Республика күнін мерекелеуге байланысты еліміздің барлық өңірінде бір мезетте ұйымдастырылған Мемлекеттік Ту көтеру шарасын елдегі үшінші мегаполис жұрты да тамашалады. «Тәуелсіздік» саябағындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында бас туымыз салтанатты түрде көкке көтерілді. Салтанатты рәсімге қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тарихи датаның маңыздылығын айта келе жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Іс - шараның мазмұны қазақстандықтардың табысты жетістіктері мен адал еңбектің арқасында бірлікті, жалпыға ортақ атмосфераны құру және елдің басты ұлттық мерекесі Республика күні мерекесінің жағымды үйлесімдігін қалыптастыру дәстүрін енгізу деді сөз алғандар. Бақтияр ТАЙЖАН ЖУРНАЛИСТ, «ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ: Жұбан ақын айтқан ғой кезінде: «Біз қазақ мың өліп, мың тірілген» деп ше.. сол сияқты қазақ өзінің тарихында көптеген зобалаңдарды басынан өткерді. Бүгіндері құдайға шүкір төрт құбыласы түгел, бүкіл әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылатын сондай бір жағдаЙға кеп жатырмыз. Қазақтың туы ешқашан аласармасын. Биікте желбірей берсін. Іс-шара аясында жастардың бойынша патриоттық рух беретін әндер шырқалып, Республика күнінің маңыздылығы мейлінше түсіндірілді. Мағжан ИСАХОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл мерекені біздің барша тұрғындар арасында, жастар арасында кең насихаттау керекпіз. Себебі: мағынасы терең, яғни ата-бабамыз біздің білектің күшімен, найзаның ұшымен ұланғайыр жерді бізге аманат етті. Жастардың тікелей міндеті, парызы бұл -елді аман-есен шекараны сақтап, алдағы уақытта әлемдік мемлекеттердің қатарында терезесін тең қылу. Мерекені айшықтай түсу мақсатында салтанатты шарада жастар қала тұрғындары мен қонақтарына жалаушалар таратып, құттықтау челлендждін ұйымдастырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды