Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі келді. Куәгерлердің сөзінше, екеу ара қақтығыс кезінде жас жігіт қарсыласын атып жіберген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды otyrar.kz.Атыс 27 ақпанда сағат 22:00 шамасында Жібек жолы көшесіндегі "Люкс" моншасының жанында болды.Атыс орнынан оқ-гильзалар табылды.Болжам бойынша травматикалық тапаншадан атылған.Полиция күдіктіні анықтады."Бұл факті бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.