Шымкентте "Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері бір кафенің жанында "Ақтөбе" жанкүйерлерімен төбелесті. Полиция сол жерге барып, бүлік салғандарды ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Еңбекші РУП-тың 102 пультіне Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті."Оқиға орнына бірден полицияның патрульдік нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында орын алғаны анықталды. Осы уақытта полиция бөліміне 20 адам жеткізілді. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды”, – деп мәлімдеді Шымкент қаласының ПД. Қазақстан Премьер-Лигасының "Ордабасы" - "Ақтөбе" футбол матчы 9 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталады.