Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп жазды KAZINFORM.Оқиға Қызылкенші көшесінде болды. Екі қабаттың үйдің ішіндегі жиһаздар мен техникалар өртке оранған. Өрт сөндірушілер жалын ішінен 7 адамды қауіпсіз аймаққа алып шықты. Олардың 5-еуі – бала. «Зардап шеушілер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 12 қызметкері және апаттар медициналық орталығы филиалының мамандары жұмылдырылды» - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.