Шымкентте сарбазды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген шекарашы сержант жеті жылға сотталды

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент гарнизоны әскери соты үкімінің күшін жойып, шекара заставасының сержантын 7 жылға бас бостандығынан айырды. Әскери қызметкерге күш қолдану арқылы қорқыту, билікті асыра пайдалану және өзін-өзі өлтіруге жеткізді деген айыптар тағылды. ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент гарнизонының әскери сотының үкімімен сержант Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағындағы ("Қорқытып алу") және 451-бабының 1-бөлігінде ("Билiктi асыра пайдалану") көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырған, ал ҚК-нің 105-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") және 451-бабының 2-бөлігімен кінәсіз деп танылып, ақталған. Сот сержант шекара заставасында келісімшарт бойынша мобильді топтың басшысы ретінде қызмет атқарғанын анықтады. 2022 жылдың тамызында ол әскери қызметшілер Қарулы күштердің жарғысын бұзып, нарядтағы бекеттерді өз еріктерімен ауыстырғанын аңғарған. Осыны пайдаланып, сержант қатардағы жауынгерден ақша бопсалап, өзінің банктік шотына аударуын талап еткен. Сонымен қатар сержант шекара заставасының аумағында алкогольдік ішімдік ішкен үш әскери қызметкерді байқап, өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, оларға дене жарақаттарын келтірген. Кейін сержант жоғарыда аталған жағдайды пайдаланып, жүйелі және негізсіз түрде әскери қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, оны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген. "Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерді қарап тексерумен, оның ішінде банктік шоттан үзінді көшірмесімен, шекара заставасынан алынған бейнежазбамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді".  ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен әскери қызметкер кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты