Шымкентте «Sen» атты жас әйелдер форумы өтті

Отбасы институты, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығына айналып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласында өткен «Sen» 1-ші қазақстандық жас әйелдер форумының ашылуында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған форумның мақсаты – жас әйелдерді, қыз-келіншектерді өмірде табысқа жетуге ұмтылдыру. Форум ұйымдастырушылары «Өзіңе сен, отбасыңа сен, еліңе сен – сенің қолыңнан бәрі келеді!» деген ойды жастарға жеткізуді көздейді. «Тіршілікке мән сыйлайтын абзал жандар, бұл – әйелдер қауымы. Қазақ қыздарының тарихта қалдырған ізі аз емес. Осындай ардақты аруларымыздың даңқты жолын Сіздер абыроймен жалғап келесіздер», – деді Мұрат Әйтенов . Айта кетейік, форум қатысушыларының арасында «Бизнес инкубатор» байқауының жеңімпаздары, «Атамекен», «Даму» корпорациясының грант иегерлері, өзінің отбасылық бизнесін бастаған көпбалалы аналар бар. Өз кезегінде табысты, іскер әйелдер өзін өзі дамыту, қаржыны басқару, денсаулықты күту мен жеке өмірге қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті.Форума спикерлерінің қатарында Меруерт Өтекешева, Майра Мұхамедқызы, Ләйлә Сұлтанқызы, Арайлым Әуелбекова, Ханзада Есенова, Айка Алеми, Жания Дабыр сынды көшбасшы әйелдер бар. Форумның арнайы қонағы – Сколково Мәскеу басқару мектебінің проректоры, әйелдер бағдарламаларының директоры Марина Карбан қатысушылармен онлайн режимде тілдесіп, қазақстандық қыз-келіншектерге сәттілік тіледі. Бұл форумға қатысушылар жыл бойы спикерлермен тұрақты қарым-қатынас орнатып, үздік шыққан жастар Мәскеу қаласындағы Сколковоға шеберлік сыныптарына жіберілетін болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Күрес түрлерінен жылдың үздіктері марапатталды
“Анасымен жасты әйелді алмақшы“. Ляззат Байырбекова ұлы жайлы қауесеттерге жауап берді
Дәрі-дәрмекті таңбалау: жаңа жүйе нарықты қалай ашық әрі қауіпсіз етеді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Жезқазғанда тұрғын үйдегі өрттен 28 адам эвакуацияланды
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Ауыл шаруашылығы техникасы паркі 5,5 % жаңартылды
Ақтөбеде мұғалім мен техник есірткі жасап, адам өлтірумен айналысқан
2 млн га астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: қызды есірткі тұтынуға көндірген адам сотталды
Павлодарда балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды
“Жалғыз өзі тірі қалған“. Ұшақ апатынан аман қалғандардың шынайы оқиғалары
«Екі күннің бірінде жылап жүрмін»: танымал әзілкеш шаңырағы шайқалғалы тұрғанын айтты
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
"ҚазАвтоЖол" жолдардағы ахуал туралы таңғы мәліметті жариялады
Көшеде түкіретіндер қалай анықталады?
«Қар, көктайғақ, тұман»: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ұшақ апатын тергеу қай елдің құзыретінде болатыны белгілі болды
Қар, бұрқасын, тұман: 27 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Бүкіл бортты аман алып қалған. Ұтқыр шешімімен тарихта қалған ұшқыштар
Вайнер Мейірхан Шерниязов мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды