Әлеуметтік желіде Шымкенттегі жеке кәсіпкердің есектерді сойып, базарға сатқаны туралы ақпарат тарады. Бейнежазба авторы қаланың сыртында белгіленбеген орында еңбегі адал болғанмен, еті арам саналатын жануарлардың арнайы бағылып жатқанын айтады. Ол мал етіне ветеринариялық инспекция пен құзырлы органдардың рұқсаты жоқ екеніне наразылық білдіреді. Шұңқырдың бірінен табылған жануардың бөлшектері мен етін көрсетіп, сөзін айғақтайды. Қазір бұған қатысты мемлекеттік ветеринариялық -санитарлық бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті өкілдер жайылып жүрген 104 есекті анықтаған. Бірақ, ол еш жерде тіркелмеген. Дегенмен, мамандар қала аумағындағы базарларда есектің еті сатылуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Сырым ҚАРАБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары нәтижесіне сәйкес есек жануарларын қандай себеппен бағып жатқанын, қандай себептермен өсіріп жатқанын тиісті анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол анықталған жауанарларға бүгінгі таңда иесінің тарапынан ешқандай да тиісті ветеринариялық яғни профилактикалық –диагностикалық іс-шаралар жүргізілмегені анықталды. Осы бойынша ҚР ӘҚБ тураоы кодексінің 406 бабына сәйкес тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.